Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр Жихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер icon

Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр Жихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер



Схожі
  1   2   3   4   5
Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр


Жихадтың

даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер


қазақ тіліне орыс тілінен аударған



сайтының редакциясы


Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр былай деп айтты:

"Бұл кітаптың негізін екі лекция құрайды. Біріншісін мен «Ислами қайта жаңғыру қоғамының» Кувейттегі көктемгі лагерінде хижраның 1416 жылы оқығанмын. Екіншісін мен 1425 жылы Кувейт Университетінің шариғат факультетінде жихад және оның ережелері бойынша конференция кезінде оқыдым. Кейін бұл екі лекциялар редакциядан өтіп, оған маңызды қосымшалар және пайдалы дәйексөздер қосылып, біріктірілді. Әрі басында да, аяғында да барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тән».


^ Имам Ибн әл-Мубарак айтатын:

“Жихад - бұл Аллаһ Өзінің таңдаулы, жақын болған құлдарынан өзге ешкімге ашпайтын есік”. “Муқаддима әл-Инжәд” 1/27.


^ Имам Ибн әл-Хаж әл-Малики айтатын:

“Мужжахид білім иелерінен жихадты қалай істейтіндігі туралы сұрамайынша жихадқа шықпауы керек”. “әл-Мәдхәл” 2/13.


МАЗМҰНЫ


Алғысөз

Біріншісі: Жихадтың шариғи мағынасы

Екіншісі: Жихадтың түрлері және дәрежелері

Өз нәпсіне қарсы жихад

Шайтанмен жихад

Кәпірлермен және екіжүзділермен жихад

Жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушылармен жихад Үшіншісі: Жихадтың үкімі

Төртіншісі: Жихадтың мақсаты

^ Бесіншісі: Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы

Алтыншысы: Жихадтың қағидалары

Жетіншісі: Аллаһтың жолындағы жихадты түсунудегі ауытқулар

Бірінші түрі: Жихадтағы ауытқулар мен қайшылықтардың түрлері туралы

айтылған хадистер

Екінші түрі: Жихадтағы ауытқулар мен қайшылықтардың нақты түрлері және

олардан сақтандыру туралы айтылған хадистер

Ерлігін көрсету үшін және жихадты орындаушының батылдығы туралы айтылуы үшін жихад жасаудан сақтандыру

Дүние пайдасыүшін жихад жасаудан сақтандыру

Өзінің тайпасына (руына) көмек көрсету үшін жихад жасаудан сақтандыру

Жихадта әйелдерді және балаларды өлтіруге тыйым

«Жан пида ету» деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге тыйым

Мәйіттерді қорлауға тыйым

Тонаушылық пен өзгелердің мал-мүлкін меншіктеп алуға тыйым

Олжа бөлінбей тұрып, оны меншіктеп алуға тыйым

Мұсылманға өзін тапсырған адамға опасыздық жасап, оны өлтіруге тыйым

Келісім-шарттырды бұзып, келісім-шарт жасасқандарға зәбір келтіруге

тыйым

^ Сегізіншісі: Кәпірді жай өлтіре салу Аллаһ жолындағы жихад па?

Тоғызыншысы: Жихадта ақиқаттан ауытқудың қауіптілігі

Бірқұдайшылықтың емес, надандақтың туының астында шайқасу

Тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді рұқсат ету

Бөліну, қарама-қарсылық және мүсылмандардың жама’асы мен олардың

әмірінінен бөлініп шығу

Мұсылмандарды әлсірету және олардың жауларына олардың үстінен билікті беру

Исламды жек көрсету және Аллаһ Тағалаға шақыруға кедергі жасау

^ Оныншысы: Жихадтағы ауытқулардың мысалдары

Он біріншісі: Жихадтағы ауытқулардың себептері

Он екіншісі: Түзету құралдары

Он үшіншісі: Жихад және дұға


Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Өзінің уәдесін орындап, әскерін мәртебелеп және дұшпан болған одақтастарды жалғыз өзі талқандаған Бір Аллаһқа Мадақ. «Мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет» (Рум, 47), - деп айтқан ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік етемін.

Және Мухаммад – Оның құлы, елшісі және сүйіктісі екендігіне куәлік беремін. Ол – шайқасушылардың ең жақсысы, күресушілердің ең шыншылы, Аллаһтың құлдарының ішіндегі ең ықыластысы. Оған, сондай-ақ оның ардақты отбасына және оның данқты сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад шариғаттың ең маңызды талаптарының және Аллаһқа жақындаудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұрынғының және қазіргінің ғалымдары бұл мәселеге аса зор назар бөлетін, ал олардың кейбіреулері оған тұтас жинақтар бағыштады, әрі олардың саны отыздан астам. Мысалы, Ибн әл-Мубарактың «әл-Жихад», Ибн Абу ‘Асымның «әл-Жихад», Ибн ‘Асакирдің «әл-Жихад», ‘Абдуль-Ғани әл-Макдисидің «Фадль әл-Жихад», Ибн Касирдің «әл-Ижтихад фи таләбиль-Жихад» кітаптары т.б.

Және де өзіне жихад тақырыбын қамтымаған, оның ережелерін түсіндірмеген, Аллаһ Тағаланың Кәләмынан (Сөзінен) және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде айтқандарынан ашық аяттар мен айқын дәлелдер келтірмеген фиқх мәселелері бойынша немесе бұйрықтар бойынша хадистердің бірде-бір жинақтары жоқ. Сондықтан да, білім талап етушілер сабырлық пен табандылықты ұстанбай және білімге ие болмай, жихад пен діннің басқа да салаларына қатысты мәселелерге кіріспегені жөн. Керісінше, бұл мәселелерде оның (джихадтың) қандай да бір әрекетіне кіріспес бұрын, сол әрекет тура жол мен дұрыс мақсатқа негізделген болуы үшін, міндетті түрде ой жүгірту, ақиқатты сұрау және тану қажет. Әрі мүмін осылайша тура жолмен жүріп және Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне ілесіп, Құдіретті және Ұлы Аллаһтың разылығына ие болады!

Жихадтың осындай маңыздылығы мен осындай мәнінен Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты болуға деген ұмтылыстың, сондай-ақ, ғибадаттың өзге де түрлеріндегідей, шариғаттың ережелерінің және Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттің қатаң басшылығының қажеттілігі келіп шығады. Бұл - мүмін адам шариғаттың ұлы мақсаттарын жүзеге асырып, оның шекараларын және шектеулерін бұзбай, түзу жолмен және дұрыс бағытпен жүріп, артық кетушіліктер мен кемістіктерден, шектен шығушылықтар мен тұрпайылықтан құтылу үшін (қажет), өйткені ол өзінің Раббысының нұрымен, сондай-ақ Оның Кітабы мен Оның пайғамбары – Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған басшылықпен және біліммен нұрланған жолмен жүреді. Осымен ол Аллаһтың рахымынан үміт ете отырып және Оның жазасынан қорқып, қателіктерден сақтанады және қауіп-қатерлерден қорғанады. Ол өзінің түсінігін түзету үшін, барлық, әсіресе көпшілк адамдарға беймәлім немесе олар елемей жүрген жайттарды айқын ету үшін бар күш-жігерін сарп етеді. Және осындай мәселелер бүгінгі күні сыртқы қарсыластар тарапынан да, бұрыс түсініктің және дінді білу мен түсінудің шектеулі болуы себебімен өзінің діндестері тарапынан да салмақты қиындықтарға тап болған ислам үмметінің арасында түсіндіруді қажет етеді.

Сондықтан да жихадтың тақырыбын Құранның, Сүннеттің мәтіндерінің және ізгі алдынғы буын өкілдерінен болған ғалымдар мен оларға ілескен бұл үмметтің имамдарының айтқандарының негізінде ашып көрсететін осы жазу жолдарында мен жоғарыда аталған мақсатқа қатысуды ұйғардым. Мен тек Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерін пайдалануға тырыстым және сонымен қатар осы саладағы имамдарға сенім арттым. Бұл еңбек «әл-Кутуф әл-Жияд мин Хикәми уә Ахкам әл-Жихад» («Жихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер») деп аталды, өйткені мен онда жихадтың барлық ережелері мен барлық мәселелерін жинақтауды мақсат етпедім. Мен өз міндетімді оқырманды бұл ұлы мәселеде қуандыратын тек жихадтың мәселелерінің игі біртұтастығын, оның ережелері мен қағидаларының маңыздылығын түсіндіруде көрдім. Сондай-ақ жихадтың артықшылығын, оның орнын, түрлерін, дәрежелерін, шекараларын және қағидаларын түсіндіруде де. Түрлі қауіпті адасушылықтарды қарап талқылауға, оларға соқтыратын себептерді зерттеуге, сондай-ақ оларды шешу тәсілдеріне және басқаларға ерекше көңіл бөлінді. Аллаһ Тағала бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы, Оның Ардақты Дидары үшін ықыласты және Оның ардақты Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сәйкес дұрыс етуін ниет етемін, өйткені Бір Аллаһ қана дұрыс жолға салады және Одан өзге ешкімнен күш те, қуат та жоқ.

Мен бұл жұмысты келесі тарауларға:


^ Бірінші тарау:

«Жихад» ұғымының шариғи анықтамасы


«Жихад» терминінің шариғи мағынасы туралы келтірілген сөздердің ең жақсыларына шейхуль-ислам Ибн Таймияның, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері жатады: «Жихад деп Хақ (Аллаһ) сүйетін нәрселерге қол жеткізу үшін және Ол құптамайтын нәрселерге тойтарыс жасау үшін күш-мүмкіндіктерді салуды айтады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/192-193.

Сондай-ақ, оның мына сөздері де: “Өйткені жихадтың мәні иманнан және игі амалдардан болған Аллаһ Тағала жақсы көретін нәрселерге қол жеткізуге ұмтылуға, сондай-ақ күпірліктен, бұзықтықтан және мойынсұнбаушылықтан болған Аллаһ Тағала жек көретін нәрселерді тойтаруға күш-жігер жұмсау болып табылады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/191.

Шейхуль-исламның айтқандарынан жихад шариғат тұрғысынан Аллаһ Тағала сүйетін және құптайтын амалдарды, сөздерді және сенімдерді іске асырудың, сондай-ақ Пәк Аллаһ сөгетін және жек көретін амалдарды, сөздерді және сенімдерді тойтарудың жолдары мен тәсілдерінің жалпы түсінігі болып табылатындығы айқын болады.


^ Екінші тарау:

Жихадтың түрлері және оның дәрежелері


«Жихад» сөзін абсолюттік мағынада қолдануда көпшілік арасында «Аллаһтың жолындағы жихад – кәпірлерге қарсы соғысу үшін барлық күш-мүмкіндіктерді жұмсау» деген тұрақты пікір қалыптасып қалған, ал шын мәнінде, аталған нәрсе тек жихадтың бір ғана түрі және оның дәрежелерінің бірі ғана болып табылады. Ал шариғаттағы жихад түсінігі бұдан анағұрлым кең және көлемді. Және ғалымдар пәк шариғат мәтіндерінің негізінде толық түсіндірген оның өзгешеленетін түрлері мен түрлі дәрежелері бар.

Жихадтың түрлері мен деңгейлерінің мен кездестірген түсіндірмелерінің ішіндегі ең жақсысын атақты ғалым және зерттеуші Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия өзінің «Зад әл-Мә’ад» атты кітабында ұсынады. Онда ол: «Жихад төрт деңгейге бөлінеді: өз-өзіңе қарсы жихад; шайтанға қарсы жихад; кәпірлер мен екіжүзділерге қарсы жихад; жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушыларға қарсы жихад», - дейді. “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Төмендегілер жихад тақырыбына және оған байланысты нәрселерге қатысты жихадтың түрлерінің түсіндірмесі болып табылады. Әрбір түрдің, өз кезегінде, шейх Ибн әл-Қаййим түсіндіріп өткен дәрежелері бар:


Өз нәпсіне қарсы жихад («жихад ән-нәфс»)


Жихадтың бұл түріне қатысты Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Өз-өзіңе қарсы жихадтың да төрт деңгейі бар:

Біріншісі оларсыз адам екі дүниеде де не жетістікке, не бақытқа ие бола алмайтын дұрыс жолды және ақиқат дінін біліп-үйрену үшін өз-өзіңмен күресуге тура келгенде (жалқаулықпен, шаршаумен т.б.) орын алады. Адам білімсіз қалғанда екі дүниеде де бақытсыз болады.

Екінші деңгей – алған білімнің негізінде амал ету үшін өзіңмен күресу, өйткені жай білімнің өзі, амалсыз, егер зиянды болмаса да, ең жоқ дегенде пайдасыз болады.

Жихадтың үшінші деңгейі өз алдына дінге шақыруды және оны білмегендерге үйрету ісіндегі күресті қамтиды. Кері болған жағдайда ол (адам) Аллаһтың түсірген басшылығын және айқын аяттарын жасырушы болып қалады және оның білімі оған көмектеспейді және Аллаһтың жазасынан құтқармайды.

Төртінші деңгей – Аллаһқа шақыру барысында туындайтын ауыртпалықтарға, Аллаһтың жаратқандарынан келіп тиетін ренжітулерге сабырлық таныту мен осының барлығына Аллаһтың разылығы үшін төзуде өз-өзіңмен күресу”. “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіңе қарсы жихадтың Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткендей қысқаша сипаттамасы осындай. Сондықтан мұсылман адам Аллаһ жолындағы жихадты Құдіретті және Ұлы Аллаһқа мойынсұну үшін өз-өзіне қарсы жихадтан былайша бастау керек:

Біріншісі. Білім алуда, Аллаһтың дінін, Аллаһтың Сөзін және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін ізгі салиқалы буын өкілдерінің (саләфтардың), Аллаһ оларды рахым етсін, түсінігіне сәйкес түсінуде еңбек ету.

Екіншісі. Амалдың үстінде білімге сәйкес еңбек ету, өйткені білімнің мақсаты амал болып табылады. Білім өз соңынан амалды шақырады, ал ол оған жауап берсе – игі. Керісінше болған жағдайда ол ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, айтқандай, кетіп қалады. Әл-Хатыб әл-Бағдади “Иктида әл-’ильм әл-’амәл” (40).


Сондықтан білімнің мақсаты әрекет (амал) болып табылады. Ал егер мұсылман білім алу үшін өз-өзімен күрессе, онда ол осы білімдерінің негізінде амал етуде де өзімен еңбек етсін. Кейде мұсылман Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, хадисін естиді, оны (хадистегі) амал таң қалдырады және ол (хадистегі) ғибадатқа таңданады, ал кейін ол сол амалды орындауға ерінеді, әрі мұндай нәрсе жиі болып тұрады. Сондықтан бұл жағдай Ұлы және Пәк Аллаһқа ғибадатты дұрыс орындау үшін нәпсімен күресуді және оны бақылап отыруды талап етеді.

Содан соң, мұсылман білім алу үшін және әрекет жасау үшін өз-өзімен күрескен кезінде, ол өзін Аллаһ Тағала онымен игілендірген осы білімге шақыру үшін еңбек етеді. Және ол өзіне жеткен игілікті өзінің өзге бауырларына жеткізеді, өзіне Аллаһ үйреткен нәрседен оларға да үйретеді және оларға Аллаһтың дінін оқытады. Кейін ол басына түскен сәтсіздіктерге сабыр етеді. Ал білім алудағы сабырлық, амал етудегі сабырлық, дінге шақырудағы сабырлық және өзіне келген сәтсіздіктерге сабырлық– бұл нәпсімен жихад, әрі осы – Аллаһ жолындағы ең ұлы жихадтардың бірі. Ең дұрысы - бұл оның ішіндегі ең ұлысы және ең негізгісі. Ал жихадтың қалған түрлері оның тармақтары болып табылады. Және құл ең алдымен Аллаһ Тағала үшін әмірлерді орындап, тыйымдарды қалдыру үшін күреспейінше, ол сырттағы өзінің және Аллаһ Тағаланың дұшпандарымен күресе алмайды. Ал өзінің ішкі дұшпаны оны мәжбүрлеп және жеңіп жатса, және ол онымен Аллаһ Тағала үшін күреспесе, қалайша ол өз дұшпанымен күресе алады және одан әділеттілікті талап ете алады?! Бәрінен дұрысырағы, ол өзінің нәпсісінің бас көтеруіне қарсы күреспейінше, өзінің дұшпанына қарсы шыға алмайды». “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Сондықтан егер мұсылмандар өз-өздерімен күресуде кемшіліктерге жол беріп жатса, олар өздерінің қарсыластарымен болған жихадта әлсіз бола бастайды, ал нәтижесінде олардың дұшпандары олардың үстінен жеңіске жетеді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: “Кәпірлердің мұсылмандар үстінен басымдығы мұсылмандардың күнәларының салдарынан ғана болды, олар міндетті түрде олардың иманының әлсіреуіне әкеп соқты. Кейін, егер олар тәубеге келсе және де өздерінің имандарын кемел дәрежеге дейін жеткізсе, Аллаһ оларға жәрдем етеді, бұл жөнінде Ол Өзі былай деп айтқанындай: «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» (Әли Имран, 139). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. «Ол өз пиғылдарыңнан», - де» (Әли Имран, 165). “әл-Жәуаб әс-сахих лимән бәддалә дийн әл-масих” 6/450.

Сөйтіп, нәпсіге қарсы жихад Аллаһтың құлы оның күшімен дұрыс жетекшілікке және дұшпандарға қарсы көмекке қол жеткізетін жихадтың негізгісі болып табылады. Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз» (Анкәбут, 69).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Пәк Аллаһ дұрыс жетекшілікті жихадпен байланыстырды. Және барынша кемел болған басшылық ең көп жихад жасайтын адамдарда. Ал ең міндетті болған жихад - өз-өзіңмен жихад, қалауларыңмен жихад, шайтанмен жихад және бұл дүниемен жихад болып табылады. Және жихадтың осы төрт түрін Аллаһ үшін орындайтын адамды Ол Өзінің разылығына жетелейтін, Оның Жәннатына апаратын жолдармен жүргізеді. Кім бұл жихадты тастаса, ол, жихадтан қаншалықты айырылып қалған болса, соншалықты басшылықтан да айырылып қалады. Әл-Жунәйд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Бізге тәубесімен келіп, өз қалауларымен күресетіндерді, Біз ихлас жолымен жүргіземіз». Осы ішкі дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кімге осы (ішкі дұшпандарға қарсы) көмек көрсетілсе, оған оның дұшпанына қарсы көмек көрсетіледі. Ал кімге қарсы (ішкі дұшпандарының пайдасына) көмек көрсетілсе, оған қарсы оның дұшпанына да көмек көрсетіледі». Қз.: “әл-Фауаид” 109.

Өз-өзіне қарсы жихад туралы Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген хадистер келген, әрі олардың барлығы оның маңыздылығын дәлелдейді. Мысалы, Абу Заррдың: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ең жақсы жихад – бұл ер кісінің өз нәпсісімен және көңіл қалауымен жихады!» - деп айтты», - деген хадисі. Ибн ән-Нажар. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1099.

Ибн ‘Амрдан, Аллаһ ол екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ең жақсы жихад Құдіретті және Ұлы Аллаһ үшін өз-өзімен күрескеннің жихады болып табылады». әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-Жәми’» № 1129.

Фадали ибн ‘Убайданың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығы кезінде: «Сендерге мүмін туралы хабар берейін бе? Ол - оған адамдар өздерінің мал-мүліктері мен жанын аманат ететін (адам). Мұсылман – ол адамдарға тілімен де, қолымен де зиян тигізбейтін (адам). Мужжахид – ол Аллаһқа құлшылық қылу үшін өз нәпсісімен күресетін (адам). Ал мухажир – ол қателіктер мен күнәларды қалдырушы (тастаушы) (адам)», - деді”. Ахмад (6/21), әл-Хаким (1/10-11), Ибн Хиббан (№ 4862). Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 549.

Бұл хадистер өз нәпсіне қарсы жихадтың төтенше маңыздылығына нұсқайды. Сондықтан Аллаһтың құлы өз-өзімен жүргізілетін жихадқа және оның жоғарыда айтылған дәрежелерін жетілдіруге назар бөлуі керек.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Ал егер Аллаһтың құлы осы төрт деңгейді кемелдікке дейін жеткізсе, ол «раббәни» (ғалым және рухани ұстаз) болады. Өйткені бізден алдынғы ізгі буын өкілдері: «Ғалым ақиқатты білмейінше, оған сәйкес амал етпейінше және оны оқытып-үйретпейінше, «раббәни» деп аталуға лайықты болмайды», - дегенге бірауызды келіскен. Және кім біліп, амал етіп және оқытып-үйреткен болса, аспан тұрғындары ол үшін көп дұға ететін болады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіне қарсы жихадта жолдан тайғандарға келер болсақ, олар әртүрлі жолдармен және түрлі топтармен көрініс тапқан.

Олардың арасында, тек теориялық білім үшін өзімен күресетіндер бар, оларды білім қатты ойландырады, алайда олар амал жасауға еш көңіл бөлмейді. Бұл жалған каләмнің (Исламдағы философиялық ағым) жақтаушыларының кейіпі. Олар біліммен, зерттеумен және ой жүгіртумен шұғылдануға көп уақыт жұмсайды, алайда өздерінің білімдері қамтитын айқын бұзақылыққа көңіл бұрмайды.

Олардың арасында амал-әрекет жасау үшін өз-өзімен күресіп жүргендер бар, алайда олар Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз. Бұл - адамдарда білімге деген қалауды қайтаратын, оларды білім ізденуден алыстататын және одан сақтандыратын сопылардың кейіпі. Мұндай адамдар амалдардағы адасушылыққа жиі түсіп жатады, ал солар (біріншілері) білімдегі адасушылыққа жиі түсіп жатады.

Тағы біреулері шақыруда (дағуатта) Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз өз-өзімен күресіп жүргендер, әрі олардың қолдарынан үмметке көп бұзақылық, жамандық және көптеген бидғаттар таралуда.

Дұрыс жолда және Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ілесуде өз-өзімен күресуге келер болсақ, ол Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткен төрт деңгейдің орындалуымен іске асырылады.


Шайтанмен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай жалғастырады: “Шайтанмен жихадқа келер болсақ, оның екі деңгейі бар:

1. Ол құлды азғыратын дін туралы кесірлі күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін онымен күресі.

2. Ол (Аллаһтың құлын) азғыратын кесірлі қалаулар мен құмарлықтарды тойтару үшін онымен күресу. Сондықтан бірінші жихадтан кейін мығым сенім пайда болады. Ал екінші жихадтан кейін сабыр пайда болады. Екі жихадпен бірге құл Аллаһтың дінінде жетекші және ұстаз болады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік» (Сәждә, 24). Және Пәк Аллаһ діндегі жетекшілікке тек сабырлық пен нық сенім арқылы жетуге болатынын хабарлады. Сабырлық әуесқойлық пен жаман ниеттерді тойтарады, ал нық сенім күмән мен күдіктерді тойтарады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Бұл сөздер осы жағдайды түсіну, түсіндіру және түзету үшін әрбір мұсылманға жеткілікті. Сонымен шайтанға қарсы жихадтың екі деңгейі бар:

  • Аллаһтың кұлының шайтанмен, ол оны азғыратын кесірлі ниеттер мен тыйым салынған құмарлықтарды тойтару үшін, күресі.

  • Оның шайтанмен, ол оны азғыратын күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін, күресі.

Білім иелері шайтанның адамға ықпал ететін екі жолы бар дейді. Бірінші жол – ынтықтық, құмарлық, әуесқойлық; екіншісі – күмәндар.

Ол адамға келіп, оның бейімділіктеріне қарайды. Әрі егер ол иманның және мойынсұнудың әлсіздігін, ғибадаттың кемшілігін байқаса, адамды құмарлықтарына және күнәлі амалдарға қарай тартып, оны осы жолға бағыттап жібереді. Егер ол адамды мығым бойсұнуда және нық иманда көрсе, онда ол оған бұл жолмен келмейді. Ол оған күдіктер, күмәндар және жаман ой-жорамалдар жағынан келіп, оны бидғат жаңалықтарға кіргізіп жібереді.

Бұл – шайтанның адамға қарсы екі жолы. Және шайтан оның дұшпаны болып табылады, Аллаһ Тағала бұл жөнінде: «^ Шәксіз, сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фатыр, 6), - деді.

Сөйтіп, ол - дұшпан, дұрысырағы – тіпті адамның ең үлкен дұшпаны болып табылады. Сондықтан әрбір мұсылман оған дұшпан ретінде қарауға, оған қарсы толық жихад жасауға және Аллаһ Тағаладан оның азғыруына қарсы көмек сұрауға міндетті. Бұл жөнінде Құдіретті және Ұлы Аллаһ: «Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сыйынамын. Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сыйынамын», - де» (Мүмінун, 97-98), - деді.

Және Аллаһтың құлы шайтанның кесірінен, оның көпқұдайшылығынан, оның күмәндарынан, құмарлықтарынан және оның шақыруларынан Аллаһ Тағаладан пана сұрасын және Аса Игі Аллаһ Тағаладан қорғау тілесін.


Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад


Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол төрт деңгейге ие: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Анастан жеткен хадисте, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кәпірлермен өздеріңнің мал-мүліктеріңмен, өмірлеріңмен және өздеріңнің тілдеріңмен шайқасыңдар», - деген. Абу Дауд № 2504.

Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад – бұл оларға деген жек көрушілік және қабылдамау, оларға деген сүйіспеншіліктің болмауы, олардың жеңілістеріне қуану, мұсылмандарға оларға қарсы көмектесуге ұмтылу және Аллаһ Тағаланың Кітабында және Оның Пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде нұсқалған жүрекпен байланысты басқа да нәрселер.

Олармен сөзбен жихад жүргізу – білім иелерінің айырықша құзыры. Ол өзіне дәлелдер мен дәйектердің көмегімен оларға ақиқатты түсіндіруді, олардың адасушылықтары мен өтіріктерін жоққа шығаруды қамтиды. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!» (Фурқан, 52). Яғни олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз. Бұл Құран мен түсіндірмені (Сүннетті) түсінетін білім иелеріне қатысты.

Кәпірлермен және екіжүзділермен тілмен жүргізілетін барша мұсылмандарға қатысты жихадқа сондай-ақ Аллаһ Тағаладан мүміндерге көмек және кәпірлер мен екіжүзділерге жеңіліс тілеп дұға ету де жатады.

Олармен мал-мүлік арқылы жихад мал-мүлкі бар адамға қатысты және ол Аллаһтың жолындағы жихад амалдарына, Аллаһқа шақыруға, өзінің мұсылман бауырларына көмек пен қолдау көрсетуге шығынданумен жүргізіледі.

Олармен жанмен (өмірмен) жихад – бұл олар Исламды қабылдамайынша немесе құламайынша олармен қолмен және қарумен күресу, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқанындай: «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана» (Бақара, 193).

Сондай-ақ Пәк Аллаһ былай деді: «Кітап берілгендерден Аллаһқа да, Ақырет күніне де иман келтірмегендермен, Аллаһтың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп санамайтындармен, хақ дінді (Исламды) ұстанбайтындармен олар сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар» (Тәубә, 29).

Ал Ибн әл-Каййимнің: “Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады», - деген сөзі – барлығымен де күрес төрт тәсілмен (жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен) жүргізілетінін білдіреді, алайда кәпірлермен жихад көп жағдайда қолмен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы анық. Ал екіжүзділермен жихад көбіне сөзбен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы – іштей және жасырын, және олар Исламды жақтаушылардың басым күшінің астында болады. Сондықтан олармен күрес дәлелмен және түсіндірумен жүргізіледі: олардың жағдайы әшкереленеді; адамдар мұны білуі үшін, олардан сақтануы үшін, және осыдан болған бір нәрселерге ұрынып қалмауы үшін, олардың сипаттары аталып айтылады. Бұл Аллаһ Тағаланың Кітабының көптеген жерлерінде және Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде толық түсіндірілген.


Жәбірлеушілікті, бидғаттады және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол үш деңгейге ие. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жихадтың Ибн әл-Қаййим атап өткен бұл деңгейлеріне Абу Са’идтің, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисі нұсқайды. Ол былай деді: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі», - деген”. Муслим № 49.

Сондай-ақ, Ибн Мас’удтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ менен алдын қай пайғамбарды қандай да бір қауымға жіберсе де, онда міндетті түрде өзінің қауымынан болған, оның сүннетіне (жолына) ілескен және оның әмірлерін орындаған хауарилері (апостолдары) мен сахабалары болды. Ал олардың орнына өздері істемейтін нәрсені айтатындар және оларға әмір етілмеген нәрселерді істейтіндер келді. Осындайлармен өз қолымен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз тілімен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз жүрегімен күресушілер де мүмін болып табылады, ал осыдан кейін - қыша бидайындай да иман жоқ!» Муслим № 50.

Сондықтан мұсылманнан жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істер істеушілермен жихадты не қолмен, не тілмен, не болмаса жүрекпен орындау талап етіледі. Және мұның барлығы қабілеттілікке (қудраға) байланысты.

Жүрекпен күресуді әрбір мұсылман орындай алады. Бұл күрес өзіне бидғатты, күнәлі істерді және күнәларды жүрекпен қайтаруды, оларды қабылдамауды және жек көруді, олардың жойылып опат болуын қалауды қамтиды.

Тілмен күресуге келер болсақ, мұны әркім істей алмайды. Мұны өздеріне білім мен түсінік берілгендер ғана, Аллаһтың дінін түсіну немесе өзі тойтарғысы келген нақты мәселені түсіну қабілеті барлар ғана істей алады.

Қолмен күресуге келер болсақ, бұл – кез келген адамға емес, тек күш пен билігі барларға және жауапкершілігі бар адамдарға ғана қатысты. Күнәлі істерді қолымен міне осы адамдар өзгертеді.

Жоғарыда нұсқалғандардан Аллаһтың жолындағы жихадтың түрлері және дәрежелері бар екені және әрбір мұсылман осылардың қандай да бір түрімен немесе қандай да бір дәрежесімен Аллаһтың жолында жихад жасай алатындығы айқын болады. Сондықтан атақты ғалым Ибн әл-Қаййим жихадтың осы түрлері туралы атап өткен соң, былай деді: «Ал кім қасиетті соғысқа қатыспай, тіпті қатысу туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады». Муслим 1910. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/6.


Үшінші тарау:

^ Жихадтың үкімі

Аллаһтың жолындағы жихад ең ұлы ислами ұрандардың және ең маңызды діни міндеттіліктердің бірі болып табылады. Және оның үкімі оның түрлері мен деңгейлеріне, сондай-ақ бұл міндеттілік жүктелетіндердің жағдайына байланысты өзгешеленеді.

Өз-өзімен жүргізілетін жихад - әрбір мұсылманның жеке парызы (фард айн), әрі ешкім оны біреудің орнына орындамайды, өйткені ол әр адамның ерекшіліктерімен байланысты және адамның бақыты мен жетістіктеріне тек оның өзі ғана қол жеткізе алады.

Сол сияқты, шайтанмен жүргізілетін жихад та әрбір тұлғаға міндетті болып табылады (фард айн), өйткені ол негізінен әрбір адамға жеке белгіленген, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фатыр, 6).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Шайтанға дұшпан ретінде қатынас жасау әмірі - онымен соғысуға және күресуге барлық күш-жігерді жұмсауға назар аудару, ол Аллаһтың құлымен жүргізетін соғысында бір демге болса да әлсіремейтін және қателіктерге бой бермейтін дұшпандай”. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Кәпірлермен, екіжүзділермен және бидғаттар мен күнәлі істердің жақтаушыларымен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, бұл жердегі жағдай біраз өзгеше. Және жихадтың бұл түрі – әрбір мұсылманның не жүрегімен, не сөзімен, не мал-мүлкімен, не қолымен (осы түрлерінің қандай да бірімен) атқарылатын жеке міндеті болып табылады деген үкім - дұрысырақ. Сондықтан мұсылман (жихадтың) осы түрлерінің қандай да біреуін пайдаланып, күші жеткенше шайқасуы керек. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/72.

Жалпы үмметке қатысты ол ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандарынан оны орындау жауапкершілігі түседі. Олай болмаған жағдайда, егер мұсылмандардың (ол туралы) білімі және (оны орындау үшін) күші бола тұра олардан ешкім оны орындамай қалдырса, олардың барлығы күнә арқалайды. Қз.: “Фатх әл-Бари” 6/37, “Мәжму’ әл-фатауа Ибн Баз” 18/62.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Міне, осылайша жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару да әрбір жеке адамға жүктелген міндеттілік (фард айн) болып табылмайды, ол, бұған Құран нұсқайтынындай, ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Және жихад шақыру мен тыйым салудың ең жоғары нысаны болғандықтан, оған қатысты да осындай ұйғарым қолданылады. Бұл міндеттілік жүктелгендер оны орындамаса, оны орындауға қабілетті болғандардың әрбірі, мүмкіндіктеріне сәйкес, күнәхар болады. Өйткені ол әрбір адамға оның күш-қуатына сәйкес міндетті болып табылады, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтқанындай: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесе, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі». Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 28/126.

Кәпірлерге қарсы жихад ұжымдық міндеттілікке жататындығы жөнінде айтылған сөзде, ғалымдардың кең тараған пікіріне сәйкес, шабуыл жихады меңзеледі. Олардың кейбіреулері бұл мәселеде бірауызды келісім (иджма’) бар екендігі туралы айтқан, әрі бұған дәлелдер де көп. Мысалы, Ұлы және Пәк Аллаһ былай деп айтты: «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар және Аллаһ жолында малдары мен жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді» (Ниса, 95).

Бұл аяттан ғалымдар «Аллаһтың дініне шақыруды тарату мақсатымен мұсылмандар тарапынан басталған кәпірлерге қарсы жихад жеке міндеттілікке емес, ұжымдық міндеттілікке жатады, өйткені Ұлы және Құдіретті Аллаһ аятты «Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті» деген сөздермен аяқтады» деген қорытынды шығарды. Өйткені (аятта) мүміндердің екі тобы, ауыртпалықтарды бастан кешірмей (соғысқа шықпай) отырып қалғандар және соғысып жатқандар туралы айтылып жатыр, әрі олардың әрқайсысына да Аллаһ ең жақсы игіліктерді уәде етті. Хафиз Ибн Касир бұған байланысты былай деп айтты: «Бұл аятта жихад жеке міндеттілік (фард айн) болып табылмайтындығына, алайда ұжымдық міндеттілікке (фард кифаяға) жатандығына дәлел бар”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 2/241.

Бұл дәлелдерге Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисі де жатады, онда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, намазды орындап және Рамазан айында ораза ұстаған болса, оны Аллаһ міндетті түрде Жәннатқа кіргізеді, ол Аллаһтың жолында соғысқандығына немесе өзінің мекенінде болғанына қарамастан». Сонда сахабалар: "Уа, Аллаһтың Елшісі! Адамдарды (осымен) қуантпаймыз ба?" – деді. Ал ол оларға былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәннатта Аллаһ жолында соғысатындар үшін Аллаһ әзірлеп қойған жүз дәреже бар. Әр дәреженің арасындағы арақашықтық жер мен аспан арасындағы арақашықтық сияқты. Және сендер Аллаһтан (Жәннатты) сұрасаңдар, ақиқатында Жәннаттың ортасында және оның ең жоғарысында орналасқан Фирдаусты сұраңдар. Оның үстінде Рахманның Аршы орналасқан, ал одан жәннат өзендері бастау алады». әл-Бухари № 2790.

Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан оның мына сөздері жеткізіледі: “Бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, одан жихадқа қатысуға рұқсат сұрады. Сонда (Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан былай деп сұрады: «Сенің әке-шешең тірі ме?» Келген (адам): «Иә», - деп жауап берді. Ал Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Ендеше оларға қызмет көрсетуде ынта таныт!». әл-Бухари № 3004, Муслим № 2549.

Ибн Қудама бұл хадиске былайша түсіндірме жасады: “Ата-анаға игілік жасау фард ‘айн (әрбір кісінің жеке міндеті) болып табылады, ал соғысу фард кифаяға (ұжымдық міндеттілікке) жатады. Және фард ‘айнды орындау бірінші кезекте тұрады”. Қз.: “әл-Муғни” 9/170.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, кәпірлерге қарсы жихад - фард кифая. Дегенмен, жихад - фард ‘айн болатын, бұл жөнінде ғалымдар ескерткен, үш жағдай бар:

Бірінші жағдай мұсылман әскері дұшпанның әскерімен бетпе-бет соқтығып қалған кезде орын алады. Бұл жағдайда ұрысқа қатысушының әрбірі соғысуға міндетті, әрі оған қашуға тыйым салынады. Өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде кәпірлерге арқасын көрсетсе, әрине Аллаһтың қаһарына ұшырайды. Орны - Тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфәл, 16).1

Екінші жағдай дұшпанның мұсылман еліне шабуыл жасауымен және оны қоршауға алумен байланысты. Бұл жағдайда осы елдің халқы олармен соғысуға және оларға қарсылық көрсетуге міндетті болады.

Үшінші жағдай мұсылмандардың әмірі (ел басшысы) жалпы мобилизациялау туралы жариялағанда, немесе нақты біреуді белгілі бір тапсырманы орындауға бекіткенде туындайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», - делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар» (Тәубә, 38).

Сондай-ақ бұған Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуіне де разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меккені алған күні: «(Мекке) алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ жихад және ізгі ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!», - деп айтқаны жеткен хадис те нұсқау болады. әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Сөйтіп, осы аталған үш жағдайда, жихад - әрбір мұсылманның міндеті (фард ‘айн) болады. Қз.: шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәжму’ әл-фатауа” 28/80, “Фатх әл-Бари” 6/37-38, шейх Ибн Баз “Мәжму’ фатауа уә мақаләт” 18/62, 163.





Сторінка1/5
Дата конвертації21.12.2012
Розмір1.25 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Додайте кнопку на своєму сайті:
uad.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2012
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи