Тарих және өнер факультеті icon

Тарих және өнер факультеті



Схожі
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы


«Деректану теориясы»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Қостанай, 2010

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы


Институттың ғылыми Тарих және өнер факультеті

-әдістемелік Кеңесінің Кеңесінің 2009 жылғы 15 қырқүйегіндегі

2009 жылғы 29 қыркүйегіндегі отырысында мақұлданды

(№ 1 хаттама) шешімімен (№ 1 хаттама)

б е к і т і л д і Факультет деканы, проф._______

Оқу және әдістемелік жұмыстар ^ Рубинштейн Е.Б.

жөніндегі проректор _________

доцент Қуанышбаев С.Б.


«Деректану теориясы»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


2009-2010 оқу жылы






Оқыту түрі




күндізгі

сырттай

кредит саны

2




аудиториялық сағаттар

45

30

лекция

15

18

семинар (практикалық)

15

12

оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

15




студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

45

60

емтихан (семестр)

7

8

Барлығы

90

90









Пәннің бағдарламасын құрастырған Р.Ж Байдалы, аға оқытушы, тарих магис-трі.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі 22.06.2006 ж. Республикалық жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген «Деректану теориясы» 050114 «Тарих» мамандығы бойынша қалыптағы бағдарлама негізінде құрастырылды.


Қазақстан тарихы кафедрасының 2009 жылғы қыркүйектің 7 жұлдызындағы (№ 1 Хаттама) отырысында талқыланып, оқу процессінде пайдалануға ұсынылды.

Кафедра меңгерушісі, профессор А.Күзембайұлы


Тарих және өнер факультетінің әдістемелік бюросы ^ 2009 жылғы қыркүйектің 11 жұлдызындағы (№ 1 Хаттама) отырысында талқыланып, мақұлданды.


Төрағасы: тарих магистрі С.В. Самаркин


Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет:





оқу жылы

жұмыс бағдарламасы туралы мәлімет

қайта бекіті-лген күні, ка-федра хаттама-сының №

кафедра меңгерушісінің қолтаңбасы

1

2009-2010










2

2010-2011










3

2011-2012










4

2012-2013















Қалыптағы оқу бағдарламасы

Жоғары кәсіптік білім


Деректану теориясы


050114 – Тарих мамандығы бойынша


Еңбек көлемі – 2 кредит (90 сағат)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Алматы 2006


Алғы сөз


  1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу - әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН.

  2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұхсат етілген.

  3. «Деректану теориясы» типтік оқу бағдарламасы Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірінің 11.05.2005 ж. №289-шы бұйрығына сәйкес бағдарламаның орнына енгізілген.

  4. Типтік оқу бағдарламасы 050114 – тарих мамандығы бойынша Мемлекеттік міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

  5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих тарих факультетінің кеңесі 01.07. 2006 ж. №7 хаттамасымен ұқсынған.



Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің рұхсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.


Түсініктеме


Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.

Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.

Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық).

^ Курстың мақсаты – деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.

Курстың мақсаты жұмыстары.

  • Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.

  • Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.

  • Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

  • Аймақтық тарихи деректерді зертерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.


^ Мазмұны

Кіріспе.

Деректану теориясы өзіндік құрылым (қалыптасуы және дамуы). Деректанудың тарих ғылымындағы жеке пәнге айналуы.

Әр дәуірдегі тарих ғылымы тарихи танымның гносологиялық және методологиялық аспектілерінде ерекше орын алады. Деректану ғылымы тарих ғылымындағы жеке пән болғандықтан, өзіндік әдістемесі болады.

^ Негізгі бөлім.

Тарихи деректердің анықтамасы.

Деректану: нақты өмірді тануда ерекше әдіс.

Тарихи дерек теория жүзіндегі байланыс. Деректегі обьективтік және субьективтілік. Дерек пен тарихшы дерек пен тарихи нақтылықтың диалектикалық механизмі. Тарихи танымның ретроспективтік мінездемесі. Тарихи деректегі ақпараттың оқу түсінігі. Пәндік қатынаста тарихи деректің анықтамасы. Дерек. Мәдениет феномені және нақты обьективтік таным. Дерек: гуманитарлық ғылымдағы антропологиялық бағыт. Методикалық әдіс, тарихи дерек, тарихи факт.

^ Деректану пәні.

Деректану және тарихи зерттеу. Деректану және қосалқы тарихи пәндер жүйесі.

Тарихи деректерді классификациялаудағы мәселелер.

Тарихи деректердің түрлерін анықтаудағы негізгі принціптер. Жазба деректерді классификациялаудағы түрлер. Жалпы дерек түсініктемесі. Тарихи деректердің эволюциясы. Деректер дамуының негізгі тенденциялары.

Деректанудың негізгі методологиялық принціптері. Сын және интерпретация – зерттеу проблемасы. Дерек – зерттеу проблемасы. Тарихи зерттеудегі позитивтік әдістер. Мәдениет ғылымындағы методологиялық әдістер. Тарихи факт және «Апнап» концепцияларындағы тарихи дерек. Тарихшы санасындағы тарихи уақыт. Деректанудың аспеккті мен обьекктивтік принціптілігі және оның қолданылуы. Деректерді зерттеудегі тарихи принціп. Деректанудағы әлеуметтік таптық анализ.

^ Зерттешінің деректермен жұмыс тәртібі.

Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика. Деректің пайда болуының тарихи жағдалары. Деректерді іздеу және табу (деректану эвристикасы). Деректану анализінің мақсаттары, ескерткіштің сыртқы ерекшеліктерінің анықтамасы, оның түпнұсқасын анықтау, текстік анализ, уақытты, авторды, шыққан жерін анықтау, деректің ғылыми құндылығын, толықтығын, нақтылығын анықтау. Авторлық текст шығарманың және оның әлеуметтік мәдениеттік қоғамдағы ролі. Шығарманың мәдениеттері функциясы. Деректанудың интерпретациясы. Мазмұн анализі. Деректану синтезі. Адам жайындағы деректану ғылымы. Деректанудағы мағлұматтарды зерттеудегі әдістер. Әдістердің жалпы сипаттамасы. Тарихим зерттеудегі жалпы ғылымның ғылымның әдістер мен орны. Сандық әдістер.

Деректер

Жылнамалар – тарихи деректер және оның зерттелуі. Т. Шлецер, А.А. Шахматов. Зерттеу әдістер. Жылнамалық топ. Жылнама. Прототик. Жылнаманы зерттеудегі деректер. Деректану анализіндегі ерекшеліктер, тарихи эвристика, аударма және текстің интерпретациясы, ортағасырлық қытай тарихшыларының материялды берудегі тарихи әдет – ғұрыптары, суббективтивизм элеметтері.

^ Мазмұндау формасы.

Тарихи деректердің ерекшеліктері. Жылнамалық материялдың прблемалары. Ғамид ад дин «Жылнамалар жиыны». И.Н. Березиннің аудармалары. Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс жылнамалық тарихының ролі. «Алтын орда» тарихының В.Г. Тизенгаузен, Қадырғали Жалайыр «Жамиғ ат -тауарих» материялдар жинағы. Пайда болу сыны, деректер авторын анықтау.

^ Тарихи повестер.

Жүсіп Баласұғын «Игілік білімі», «Джувейни», «Дүние жүзін жаулап алу тарихы», Махмұд Қашқари «Дивани лұғат ат - түрік», Мукими «Зафарнаме», Мұхамед Талиб «Матлаб ат - табин» және т.б. Ізденіс проблемалары, редакциялау және тізімдер, автор құқығы, қашан, қай жерде жазылды. Жекелеген ескерткіштердің ерекшелігі. Тарихи деректердің орналасқан орны. Иоан Плано Карпини Батыт еуропалық саяхатшылардың «Шығыс елдеріне саяхат XVIII шығармалары, Марко поло, Вильгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары».

Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбалары. (Қысқа Сібір жазбалары, Есипов

және Строганов жазбалары). Хроногроф. Оның жылнама мен байланысы.

Қазақстан тарихы жайлы деректер.

Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан жайлы деректер. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек. Олардың тарихи дерек ретіндегі ерекшеліктері. Фольклордың классификациясы. Халық ауыз әдебиетінің деректемелік талдау әдісі.

Шежіре – тарихи дерек. Тарихи деректегі оның орны, ерекшеліктері және маңызы. Тарихи деректің шежірелік дамуы. Шежіренің обьективтік және субьективтік жақтары. Шежіренің деректемелік анализі мен синтезі.

Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі жазба ескерткіштері. Орхон – Енесей руникалық жазба ескерткіштері. Деректемелік талдаудың мәселелері (текст, пайда болуы, авторы, даталық уақыты және т.б.).

Рим және византия авторларының – Аммиани Марцеллини, Приска Панийский, Иордана, Прокопий Ксесарийский, Феофилакта Симокат, Феофан, Константин Багрянородныйдың шығармалары. Деректердің толықтығы мен нақтылығы.

ІХ – ХІІ ғ.ғ. араб деректері Әль – Хорезми (Книга картины земли), Ибн Хордарбек (Книга путей и стран), Аль – Джахиза (Помлание Фатху бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Ибн Фадлан (Книга Ибн Фадлан), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), Аль – Гарнати (Аль - Муриб) және т.б. Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Авторлық текст. Деректердің текстологиялық мәселелері. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Деректемелік синтез.

^ Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.

Монғол деректері Лубсан Данзан (Алтын тобық) жылнамасы, «Шара Туджи», Атрибуция және текстологиялық мәселелері.

Араб деректері В.В. Тизенгаузеннің «Алтын Орда тарихына қатысты материялдар жинағына» кіретін араб авторларының шығармалары (Ибн аль – Асир, аль – Омари, Ибн Халдун Ибн Арабшах және т.б.) Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Текстологиялық мәселелер.

Парсы деректері Рашид ад – Дин «Жами ат - тауарих» (Жылнамалар жинағы). В.В. Тизенгаузеннің «Алтын Орда» тарихына қатысты материялдар жинағының ІІ томына кіретін парсы тіліндегі деректер. Деректердегі қазақ халқы мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелері. Деректерді зерттеудің компаративтік әдістері.

Еуропа тіліндегі деректер. Батысеуропалық саяхатшылар Иоан Плано Карпини Марко поло, Вильгелм де Рубрук, шығармалары.

Түркі және қазақ деректері. Темір бағытындағы түркі деректері: «Темірланның өмірбаяны», Захир ад дин Мұхамед Бабырдың « Бабырнамасы», Шайбанид бағытындағы түрі деректері: Өтеміс қажының «Шыңғыснама» Әбілғазының «Түркі халқының таралуы».

Қазақ деректері:Хайдар Дулати «Тарих – и Рашиди», Қосымұлы Қадірғали бідің «Жылнамалар жинағы», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шежіре». Текстология мәселелері.

Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері: Строгонов жылнамасы (XVII ғ. Орт.) С. Есиповтың «Сібір жылнамасы», «Ремзов жылнамасы» (XVIII ғ.басы).


Қазақстан жайлы мұрағаттық және картографиялық деректер.

Іс қағаздардың құжаттамасы.

XVIII- ХХ ғғ. Іс – қағаздардың құжаттамасының дамуы. Іс қағаздарының құрылымы және оның ерекшелігі. Деректанудың іс қағаздары құжаттамасына жалпы сыни принціптер. Бүтін, нақтылық, комплекетік әдіс.

Россия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дипломатикалық қорлар. Сыртқы істер коллегиясы, ішкі істер министірлігі, көші- қон басқармасы.

Россияның Қазақстандағы Орынбор облыстық Батыс Сібір шекаралық комиссиясы, губерниялық, ұлыстық статистикалық комитеттер, жер басқармасы, жергілікті қорлар. XVIII ғ. Академиялық экспедицианың материялдары, Паллас, Фальк, Георги, П,И. Рычковтың «Орынбор тарихы», «орынбор губерниясының тарихы».


^ Статистика – тарихи дерек.

Статистиканы ұйымдастыру. Ғылымға дейінгі кезең. Экономика – статистикалық жүргізу. Маңызды типтердің мінездемесі. Земск статисттігі Ф.А. Щербиннің Қазақ шаруашылықтарының бюджеттік статистикасы. Мемлекеттік статистика мен Земск статистиканың айырмашылығы. Пален ревизиясы, Щербин, Румянцев экспедицияларының берген ақпараттарын жинау және ұйымдастыру, жергілікті әкімшіліктің есептері және губернатор мен генерал губернаторларының есептері. Презентатив мәселелері.

Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы. Халық санау статистикасы, мақсаты және әдістері. 1920. 1923, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 ж. халық санағы. Ақпараттарды публикациялау және шығармашылық. Аграрлық статистика. Өндірістік статистика. С Статистика мен жұмыс істеу әдістері. Статистиканы зерттеуде математикалық әдістерді қолдану.

^ Мерзімді басылым – тарихи дерек.

Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы. Мерзімді басылымның классификациялау мәселелері. Оның ішкі құрылымы мен жанры. Басылымның идеялық саяси бағытының құрылымының методикасы.

Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдарға цензуралық саясат. Мемлекеттік басылымдар. Буржуазиялық партиялардың басылымдары. Жергілікті ұлттық демократиялық басылымдардың қалыптасуы. «Қазақ», «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеті, «Айқап» журналы – тарихи деректер. Россия мерзімдік басылымы Қазақстан жайында: «Вестник Европы», «Сибирский Вестник», «Записки Руского географического общества», «Русский вестник» және т.б.

Заңсыз мерзімді басылымдар, басылымға деректемелік сын – тарихи дерек. Кеңестік мерзімді басылымдарды бағыттайтын және мазмұнын ашатын факторлар. Мерзімді басылымдарда басылатын материялдардың мазмұны, құрамы және анализі. Республикалық және облыстық газет журналдар. Мерзімді басылымдарды зерттеу ерекшелігі. Цензура тарихы.

^ Заңдық актілер.

Тарихнама. Заң: анықтама түсінігін талдауға ұмтылу. Әдет-ғұрып пен заң арасындағы қарама қайшылықтың қарым-қатынасы. Заңдық актілердің публикациялығының жүйесі. Заңдық актілердің классификациясы. Актілерді деректемелік зерттеу мәселелері. Заңдық актілердің құрылымының негізгі стадияларын зерттеу. Деректемелік анализ методикалық әдістері. Ресей заңдық құрылымдарының ерекшелігі. Сібір қазақтарының жарғысы (1822 ж. 22 маусым), Орынбор қазақтарының жарғысы (1824 ж. 14 маусым), Жетісу және Сырдария облыстарын уақытша басқару ережесі (1867 ж.), дла облыстарын уақытша басқару ережесі (1868 ж.), Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарын басқару ережесі (1891 ж.).


^ Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек.

Анықтама. Классификация. Эволюция. Тарихнама. Мемуарлар. Күнделіктер. Жеке адамның жазбалары. Мемуарлық деректердің табиғаты, орны маңызы. Мемуарлардың құрылымы. Мемуарларды публикациялау дамуының негізгі кезеңдері. Мемуарлық деректердің классификациялау принціптері, мақсаты және анализі. Саяси процестердің материялы – тарихи дерек.

Классификация. Негізгі түрлер. Анализ принціптері. Соттық тергеу процестеріндегі нақтылығы, толықтығы. Саяси процестердің деректемелік дамуына әсер ететін факторлар.


^ Кеңес үкіметі кезеңіндегі тарихи деректер.

ХХ ғ. деректердің типологиялық өзгеруі. Кеңес деректерінің ерекшеліктері.


Заң және заңдық деректер.

Деректердің анализ методикасы. 70-80 ж. Заңдық мәселелердің ерекшеліктері. Саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың бағдарламалық, жарғылық, дерективалық құжаттары.

^ СОКП құжаттары тарихи дерек.

Қалыптасуының ерекшеліктері. Классификация. Толықтығы, нақтылығы. Нақтылығына әсер ететін факторлар. Басқа саяси партиялардың құжаттары (тәуелсіздік кезеңі).

Қоғамдық ұйымдардың құжаттары тарихи деректер.


^ Жеке адамның іс қағаздары.

Ірі саяси қайраткерлердің кеңес кезіндегі мемуарлары мен күнделіктері. Хаттар.


Реферат тақырыптары

  1. Шежіре-дерек.

  2. Қазақстан тарихындағы ежелгі түрік жазба ескерткіштері.

  3. Рим және Византия авторларының Қазақстан тарихы жайындағы жазбалары.

  4. ІХ-ХІІІ ғғ. Қазақстан тарихы жайындағы араб деректері.

  5. Қазақстан тарихы жайлы монғол деректері.

  6. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы араб және парсы жазбалары.

  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы қазақ және түркі жазбалары.

  8. Қазақстан тарихы жайындағы еуропалық деректер.

  9. Қазақстан тарихы жайлы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.) орыс деректері.

  10. Өтеміс қажының «Шыңғыс намесі».

  11. Әбілғазының «Түркі шежіресі».

  12. Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы.

  13. Қадырғали би Қосымұлының «Шежірелер жинағы».

  14. Ш. Құдайбердіұлының «Шежіресі».

  15. Захир ад дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасы».


Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары (СӨЖ).

1. Тарихи әдебиеттерде теориялық деректанудың дамуы.

2. Тарихи дерек түсінігі.

3.Фальклор – тарихи дерек көзі.

4. Деректанудың негізгі методологиялық принціптері.

5. Тарихи деректердің классификациясы.

6. Деректермен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері.

7. Ежелгі және ортағасырдағы деректер.

8. Қазақстан жайлы деректер.

9. Жылнамалар.

10. Ежелгі жазулар.

11. Іс қағаздары.

12. Статистика – тарихи дерек көздері.

13. Мерзімді басылым – тарихи дерек.

14. Заңдылық құжаттар – тарихи дерек.

15.Заманхат – тарихи дерек.


Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстарының тақырыптары (СОӨЖ).

1. Деректану: нақты өмірді танудың ерекше әдісі.

2. Сын және баяндау – зерттеу роблемасы.

3. Деректану: ұлттық мәдениеттің мәселесі.

4. Дерек: зертеу мәселесі.

5. Деректердің пайда болған жерін анықтау.

6. Деректердің авторын анықтау.

7. Шежіре тарихи дерек.

8. Деректердің мазмұнын сынау («ішкі сын»).

9. Деректерді сырттай сынаудың әдіс – тәсілі («сыртқы сын»).

10. Тарихи жылнамалар.

11. Руналық жазулар (Орхон, Оғыз-қыпшақ жазбалары).

12. Деректану ғылымы: методологиялық негіздері.

13. Деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

14. Мұрағат құжаттары.

15. Қазақстан тарихы жайлы деректер.


Әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер.

  1. Авеста. Избранные гимны. /Пер. И.М. Стеблина-Каменского. Душанбе, 1990.

  2. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа за круглым сто­лом. //История СССР. 1989. № 6.

  3. Архивоведение и источниковедение отечественной истории. Проблемы взаимодейст­вия на современном этапе. М., 1995

  4. Гадамер Х.Г. Истина и метод: основы философской герменевтики. /М., 1988.

  5. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические проблемы исторического познания. М.,1981.

  6. Историческая наука. Вопросы методологии. М., 1986.

  7. Исторические записки. Т.1. М., 1995.

  8. Исторические исследования в России. М., 1996.

  9. Источниковедение. Теория, история, метод. М., 2000.

  10. Ю.Кабанов В.В. Источниковедение истории современного общества. М., 1997.

  11. Ковальченко И.Д. Исторический источник в свете учения об информа­ции (к постановке проблемы)- История СССР, 1982, №3.

  12. Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского Благодатное знание. М.,1983.

  13. Профессионализм историка и идеологическая конъюнктура. Проблемы взаимодейст­вия на современном этапе. М., 1994.

  14. Фарсобин В.В. Источниковедение и его метод: опыт анализа понятий и терминоло­гии. М., 1983.

  15. Рашид ад – дин. Сборник летописей. Т.1., кн. 1-2. М-Л., 1952. Т.2. М.-Л., 1960. Т.3. Л., 1946.

  16. Стробон. География. В 17-ти книгах. Пер. С греческого, статья и комментарии Г.А. Стратановского. Л., 1964.


Қосымша әдебиеттер

1. Документы КПСС. Вопросы истории. 1996. №5-6.

2. Документы КПСС. Отечественная историия 1998. №3., 1995 №4.

3. Документы КПСС. Новая и новейшая история. 1996. №2; 1998. №5.

4. Документы КПСС. Отечественная историия 1997. №3., 1995 №5.

5.Козин С.А. Сокревенное сказание. Монгольская хроника. 1240г. М.-Л., 1941.

6. Кляшторный С.Г. Древнетюрские рунические памятники как источник по истории

Средней Азии. М., 1964.

7. Кумыков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. А., 1972.

8. Лихачев Д.Ц. Текстология Л., 1983.

9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской писменности. М-Л. 1951.

10.Малов С.Е. Енесейская письменность тюрков. М-Л. 1952.

11.Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине 14-начало 16 вв. Вопросы

политической и социально-экономической истории. А., 1977.

12.Бронштейн. А.П. Методика исторического источниковедения. Ростов на – Дону., 1976.

13. Бронштейн. А.П. О предмете источниковедения как научной дисциплине. История

СССР, 1977.

14.Стельба и.В. Развития поэтических форм ХІ веке.


Типтік оқу бағдарламасын дайындаған авторлар: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сексенбаева Г.А., аға оқытушы Әуелбеков Ө.С., оқытушы Мұратқазин М.М.


Қолданыстағы бағдарлама


1. Курстың жалпы сипаты


Қазіргі таңда тарих ғылымының даму жағдайында, деректану бөліміне ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеушінің жетістікке жетуі, оның қандай дерек көздерін қолдануында. Тарихшыға өткеннің шынайы ақиқатын қалпына келтіру үшін оның теориялық және әдіснамалық дайындығын талап етеді. Бұл пән тарихшының теориялық дайындығын, деректер мен әдебиеттерді игеруге көмегін тигізіп, зерттеушілік міндетті шешеді.

Тарих ғылымының жеке бағыты ретінде деректану теориялық және әдіснамалық мәселелерді шешу курстың мақсаты болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау керек.

1. Деректану аппараты түсінігінен студенттерге білім беру.

2. Студенттерді тарихи деректерге бағасын беруге үйрету.

3. Жас зерттеушілерге деректерге жол табуын қалыптастыру.


^ 2. Лекция сабақтарының тақырыптық жоспары

Барлығы:

лекция

семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Кіріспе лекция

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

І Блок. Деректану теориясы, тарихы және методы













2. Деректану теориясы

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

3. Деректанудың қалыптасуы және дамуы

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

4. Деректану методы

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

ІІ Блок. Қазақстан тарихының дерек көздері













5. Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

6. Жылнамалар және жылнаматану

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

7. Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

8. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстан тарихы жайындағы араб деректері.

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

9. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

10. Кейінгі ортағасырдағы тарихи әдебиет

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

11. Cтатистика - тарихи дерек

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

12. Мерзімді басылым – тарихи дерек

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

13. Заңдық актілер

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

14. Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

15. Іс қағаз құжаттары

1 сағат

1 сағат

1 сағат

3сағат

Барлығы:

15 сағат.

15 сағат.

15 сағат.

45 сағат.




Сторінка1/14
Дата конвертації24.07.2013
Розмір3.31 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Додайте кнопку на своєму сайті:
uad.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2012
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи