Жер ресурстарын рационалды пайдаланудың және қорғаудың іс-шараларын жасауда жерді зоналау басты роль атқрады, оның ішінде пайдалану мақсаты белгіленген аумағын icon

Жер ресурстарын рационалды пайдаланудың және қорғаудың іс-шараларын жасауда жерді зоналау басты роль атқрады, оның ішінде пайдалану мақсаты белгіленген аумағын



Схожі
Жер ресурстарын рационалды пайдаланудың және қорғаудың іс-шараларын жасауда жерді зоналау басты роль атқрады, оның ішінде пайдалану мақсаты белгіленген аумағын анықтау және пайдалану кезіндегі олардың шектеу мүмкіншіліктері Қазақстан Республикасында жерді зоналау «Жер туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.

Зоналау кезінде келесі факторлар алынған:

  • табиғи және экономикалық жағдайлары;

  • жердің қызметтік мақсаты;

  • жердің саналық жағдайы, оның өнімділігі мен бағасы;

  • әр түрлі категориядағы ерекше немесе арнайы мақсаттық пайдалану тәртібі;

  • басқалары.

Жерді пайдаланудың Заң бойынша қарастырылған және бекітілген мақсаттық тәртібі жер құқықтық субъектілері үшін міндетті болып саналады.

Негізгі регламенттік құжат болып, жерді зоналаудың аймақмақтық схемасы саналады. Жерді зоналаудың аймақтық схмесын жасау негізінен Қазақстан Республикасының Үкіметі 16 ақпан 2000 жыл №253 қаулысымен қабылданған жер құқығын қамтамасыз етіп, іс-шараларға сәйкес жүрлізіледі. Жерді зоналаудың бастапқы мәліметтер:

  • жердің сызбалық есептеу материалдары;

  • жер категориясының есебіндегі жер қорының құрамы туралы мәліметтер;

  • топырақтың, биоботаникалық зерттеулер;

  • жерді түгендеу;

  • басқа да арнайы зерттеулер;

  • ізденістер;

  • жердің саналық сипаттамасы;

  • жер қорының экономикалық жағдайы туралы мәліметтер;

  • жерді пайдаланудың саналық болжамдары мен жоспарлары.

Бұл мәліметтер жер кадастырында толығымен пайдаланылады. Жерді пайдалану мақсаты негізінен белгілі аймақтық экономикалық табиғи және басқа жағдайларына, сонымен қатар сәулеттік, жоспарлық, экологиялық, санитарлық тағы басқа арнайы талаптарға сай анықталады.

Жерге орналастыруды жобалау барысында жер санаттарының бір категориядан екінші бір түріне ауысуы ескеріледі. Еркеше көніл мына жағдайларға аударылуы тиіс:

  • ауыл шаруашылығы үшін;

  • қор қордағы жерді игеру;

  • резервтегі жерді ерекше қорғалатын аймақтарға бөлу;

  • ірі қалалардың қала аймақтық зоналарын анықтау.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді зоналау жер категориясының приоритетін ескере отырып, оның ерекшелігі мен пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі. Ерекше пайдалану зоналары анықталады. Жекелендірілген жерлерді қайтармай-ақ қала аймақтық зона құрамы жасалынады. Бос жатқан, орман және су қорларындағы, өндіріс, топырақтың және басқада ауыл шаруашылығына жатпайтын жер қорлары негізінде ауыл шаруашылығына беретін аймақтар анықталады, сонымен қатар елді мекендерді дамытуға, тағы басқада ауыл шаруашылығымен байланысты емес мақсаттарға резервтік жерлер дайындалады. Елді мекенді жерлерді зоналау кезінде қалалық, ауылдық, бас планмен сәйкестігіне, жобалауларымен салыну, құрылыс аймақтарына талдау жасалынады. Елді мекендерді дамытуға қосалқы аудандар анықталады. Өндірістік, транспорттық байланыс тағы басқада айыл шаруашылығына жатпайтын жерледі зоналау кезінде олардың рационалды, кешенді және кауіпсіз пайдалану, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз варианттарына көңіл аударылып талдау жасалынады. Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілердің бір қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жер телімімен қамтамасыз етіледі. Артық немесе кем аудандар анықталады. Ерекше пайдалану аймақтарында санитарлық тасқын су, жылжу сияқты қауіпті аймақтардың зоналарына белгілер қойылады.

Жер қорының құрамында ядролық қару сынақтары, қоқысталған және бұзылған зоналар анықталып бөлінеді. Оларды консервациялап, қайта іске қосу үшін шаралар анықталып, пайдалану мерзімдері анықталады.

Республика жерінің табиғи- ауылшаруашылықтық аймақтарын зоналау схемасы №6 суретте көрсетілген. Жер қорының сандық және сапалық көрсеткіштерін пайдалану арқылы табиғи-ауылшаруашылық аймақтандырылуы нақтылы табиғи-экономикалық жағдайын көрсетіп, әр түрлі салалық және арнайы зоналаудың негізінде қабылданады.

Жер ресурстарын басқарудағы зоналау ерекшеліктері мынадай:

  1. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің басты құралы болып табылады.

  2. Жер зоналық көлемде шектелген.

  3. Жердің айрықша ерекшелігі-ауыл шаруашылық өндірісінде пайдалану сипаты.

Жердің осындай ерекшеліктерін ескеру келесі әрекеттерге тән:

  1. Жерлерді есепке алу;

  2. Жерлерді баяндау;

  3. Жерлерді бағалау.

Жерді пайдалану құқығын беру азаматтық құқылық актілер негізінде жүргізіледі. Жерді бағалау экономкалық әлеуметтік экологиялық мәселелер ескерілуі керек. Осындай жағдайлардың барлығын есепке алу үшін ГАЖ-да пайдаланған жұмыстарды ойдағыдай жүргізуге үлкен көмек.



Дата конвертації24.04.2014
Розмір32.6 Kb.
ТипДокументы
Додайте кнопку на своєму сайті:
uad.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2012
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи